Қазақстан түрмеде отырғандар саны жағынан 171 елдің ішінде 38-ші орын алды

Күні: 12:30, 18-07-2016.

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан 100 мың адамға шаққанда түрмеде отырған адам саны жағынан 171 елдің ішінде 38-ші орын алды, деп хабарлады американдық Prison Policy Inintiative орталығынан.
Жарияланған зерттеулер мәліметінше, түрмеде отырған адамдар саны Қазақстанда 100 мың адамға 221 адамнан келеді.
Бұл ретте Түркменстан әлемде екінші орында екен (100 адамға түрмеде отырғандар саны 583), Ресей – 6-шы орында (453), Беларусь – 12-ші (306), Грузия – 24-ші (262), Литва – 26-шы (254), Әзербайжан – 31-ші (236), Латвия – 34-ші (224), Молдова – 36-шы (222), Эстония – 37-ші (221), Украина -57-ші (173), Қырғызстан – 60-шы (167), Өзбекстан – 69-шы (150), Армения – 82-ші (130), Тәжікстан – 92-ші (121) орында.
Рейтингте алғашқы үш орынды АҚШ(693), Түркменстан (583) және Сальвадор (517) алса, соңғы 3 орында – Гвинея (26), Комор аралдары (19) және Орталық-Африка Республикасы (16).


Жаңалықтармен бөлісу: