Қазақстан тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойлауда

Күні: 11:24, 16-12-2015.

Алматы. 16 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойлауда.
Осы күні Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында салтанатты шаралар мен халық шерулері өтеді.
Астанада конгресс-холлдың сахнасында «Ән мен әнші» эстрадалық концерт өтеді. Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған «Өнерім саған-Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік концертті «Астана Опера» опера және балет театрының көрермендері тамашалай алады. Қ. Қуанышбаев ат. мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында С. Тұрғынбектің «Мұқағали» атты поэтикалық драмасы көрсетледі.
Одан басқа, «Хан-Шатыр» СОСО маңында, «Байтерек» монументінің жанында концерт пен жастар дискотекасы өтеді.
Еске салсақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда конституциялық «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Еліміз өз аумағында толығымен дербес билік жүргізу құқығы бар, сыртқы және ішкі саясатын өз бетінше жүргізе алатын тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесін алды.
Одан басқа, Қазақстанның тәуелсіздік күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу күні деп есептеледі. 1986 жылы 16 желтоқсанда алаңға шыққан жастар кеңестік әкімшілік-өктемшіл жүйе әдістеріне жалпыхалықтық нарызылық танытты.


Жаңалықтармен бөлісу: