Қазақстан тұңғыш рет ҚХР медиянарығында қытай тіліндегі жаңалықтар агенттігін таныстырды

Күні: 12:28, 11-11-2014.

Бейжің. 11 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан тұғыш рет Қытай медианарығында қытай тіліндегі Silkroadnews.org (Жібек жолының жаңалықтары) жаңалықтар агенттігін таныстырды. Агенттікті таныстыру Қытай және Қазақстан журналистерінің қатысуымен Қытайдың басты ақпараттық интернет-орталығында (Cnina.org.cn) өтті, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
«Қытайлық журналистер Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан мен Иран тыныс-тіршілігі туралы оперативтік ақпараттарды қытай тілінде тарататын посткеңестік кеңістіктегі бірінші және жалғыз ақпараттық агенттікке қызығушылық танытты. Шынын айтқанда біз үшін ол күтпеген оқиға болды. Біз бұл бастамаға қолдау білдіреміз. Біз ақпараттардың сапасын және кәсібилікті, әрине, ол жаңалықтар таспада жеткілікті деңгейдегі қытай тілінде жарияланып отырғанын атап өткіміз келеді», - деп атап өтті Қытайдың China. org.cn бас ақпараттық орталығының шетелдік тілдердегі қызметінің бас редакторының орынбасары Ли Тао.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев екі ел арасында ақпараттар алмасуда өзара тиімді ынтымақтастық ұсынып, сондай-ақ осы агенттіктің пайда болуымен Орталық Азия елдері Қытайдың ауқымды ақпараттық нарығына шығатынына сенім білдірді.  
Қытай тіліндегі қазақстандық ақпараттық агенттік жұмысына Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығында,  «Пекин жибао» медиакорпорациясында, Шанхай телерадиоорталығында,  Shanghai United Media Group медиахолдингінде, оқырмандары Қытайдың шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері болып табылатын күн сайын шығатын «Вэньхуайбао» газетінде кәсіби қызығушылығын танытты.  
Еске салсақ, Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының шақыртуы бойынша Қытайға келген қазақстандық журналистер делегациясының құрамында Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев, «Общественная позиция» (ДАТ) жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи, «Новая Газета – Казахстанның» бас редакторы Александр Краснер, «Айғақ» баспа үйінің президенті Дулатбек Әбіш, Қазақстан Журналистер Одағының Батыс Қазақстандағы филиал төрағасы Ибрагим Жүсіпқалиев бар.


Жаңалықтармен бөлісу: