Қазақстан телеарнасында жаңа реалити-шоу пайда болды

Күні: 11:42, 20-07-2017.

Алматы. 20 шілде. ҚазТАГ –  «Евразия» бірінші арнада» сүйіктісін тауып, отбасын құрғысы келетіндерге арналған «Қалауым» атты жаңа реалити-шоу бастау алды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне оның ұйымдастырушылары.  
«Өзінің сүйіктісін тауып, отбасын құрғысы келетіндерге «Қалауым» жобасы – ол өмірлік жан серігі мен отбасылық бақытын шынымен тауып алудың нақты мүмкіндігі... Ал оны сырттай қарып отырып қызықтағысы келетіндерге бұл қилы күтпеген оқиғаларға толы, жан тебірентерлік өте тартымды шоу болады», - деді тележобаны ұйымдастырушылар бейсенбі күні.  
Олардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды қолдау.
«Егер қысқаша айтатын болсақ, мұнда өз махаббатын іздегендер және міндетті түрде отбасын құруға ұмтылғандар кездеседі. Ал жәй уақытша қызық іздегендер іріктеу кезеңдерінде шығып қалады», - деді жобаны жасаушылар.
«Қалауым» қазақша шығады, ол шоудың жүргізушісі Аша Матай болады.
«Бұл ХХІ ғасырда өте керек отбасылық жоба. (...) Мен өмірдің қилы тағдарларын көріп отырмын, бұл жерде эмоция да өте көп, тіпті кейде менің өзім де кейіпкерлеріммен бірге жылап, күліп өзім үшін көптеген жаңалық ашамын. Бұл бағдарламаны барлығы көргісі келетіні айдан анық», - деп ой бөлісті тележүргізуші.


Жаңалықтармен бөлісу: