Қазақстан Украинаға чернобыльдық саркофаг үшін тағы 1 млн еуро бөледі

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Чернобыль атом электростансасындағы жаңа қауіпсіз конфайнмент құрылысына тағы 1 млн еуро бөлеміз деп шешті, деп хабарлайды украиндық БАҚ.
«Қазақстан үкіметі жақында «Укрытие» чернобыльдық қорына қаржылай жәрдем көрсетіп, қаржылық көмек ретінде тағы қосымша 1 млн еуро ұсыну шешімін қабылдады», - деп мәлімдеді Қазақстанның экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова Украины қолдауға арналған халықаралық конференцияда.
Ол сондай-ақ 2011 жылдың басында Қазақстанның Украинаға Чернобыльдағы қорғаныс құрылысының салынуына 2 млн еуро көлемінде жәрдем көрсеткенін атап өтті.

adimage