Қазақстан Ыстамбұл әуежайындағы терактіні қатаң айыптайды - СІМ

Күні: 10:12, 29-06-2016.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаң айыптайды, делінген сейсенбі күні ҚР сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде.
Хабарда айтылғандай, Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үлестіруді барынша нығайтуға шақырады.
Бұрынырақ хабарланғандай, 28 маусымда Ыстанбұл әуежайында екі жарылыс болды. Түркия билігінің мәліметтерінше, жарылысты жанкешті-терроршылар жасады. 36 адам қаза болып, 140 адам жараланды. Соңғы мәліметтер бойынша әуежайдағы шабуылды үш жанкешті-терроршы жасаған. Куәлардың айтуынша, олардың біреуі өзін әуежай маңындағы автотұрақта жарса, басқа екеуі – халықаралық терминалда жарған.


Жаңалықтармен бөлісу: