Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ - Мамырда қазақстандық балды Қытайға экспорттау туралы келісімге қол қойылады, ал ет жеткізу үдерісі бүгінде іске қосылған. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов хабарлады, деп жазады primeminister.kz.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан балы Қытайда жоғары бағаланады және бүгінде оны жеткізу жұмыстарын іске қосуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілуде.
Балды жеткізу жұмыстары 2017 жылғы мамырға жоспарланған, ал ет экспорты мәселесінде белгілі-бір кедергілер орын алды.
«Қытай тарапынан аусыл мен қазақстандық кәсіпорындардың сертификаттауының болмауына байланысты шектеулер бар. Қазақстандық өнімді қабылдаудан бұрын, Қытай тарапы өз талаптарына сәйкес біздің кәсіпорындарды тексерді», - деді Қ. Айтуғанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Ресурс еске салғандай, 2016 жылғы мамырда ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың аграрлық ведомствосы арасында фитосанитарлық ынтымақтастық саласында бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Аталған жоспар аясындағы жұмыс үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде Қытай нарығына рұқсат алу қажет. Жоспарға қол қойылғаннан кейін бірден Қазақстанның ветеринарлық қызметі аусыл мәселесі бойынша аудит жүргізді. Бүгінде аусылға қатысты күшейтілген бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Екінші кезеңде біздің кәсіпорындарды мал шаруашылығы өнімдері өндірісі жүйесінің қытайлық инспекциясы тексереді. Үшінші кезеңде Қытайға экспорттауға рұқсаты бар кәсіпорындар тізіміне қосу үшін жеке кәсіпорындарды тексеру жүргізіледі.
«2016 жылғы тамызда келген кезде, ҚХР сертификаттау және аккредиттеу әкімшілігінің өкілі қазақстандық кәсіпорындарды аталған Тізімге қосу үшін қойылатын талаптарды атап өтті», – деді вице-министр.
Қ. Айтуғановтың айтуынша, аудиттің оң тұжырымы, сондай-ақ Қытай тарапының барлық талаптарына сәйкес болуы жақын уақытта Қытайға ет өнімдерін экспорттау бойынша барлық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17