Қазақстан Қытайға көмір экспортын арттыру мүмкіндігін зерттеп жатыр

Күні: 15:19, 24-01-2017.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Байтас Құрманов. Қазақстан Қытайға көмір экспортын арттыруы қажет, деп есептейді ҚР бірінші вице-премьер-министрі Қайрат Мамин.
«Біз қытайлық нарыққа көмір экспортын арттыра алу мүмкіндігіміз қанда    й екенін көруіміз керек. Ол өте орасан зор нарық, былтырғы жыл қорытындысында Қытай нарығы сырттан 200 млн тонна көмір экспорттады, ол негізінен әрине, теңіз арқылы жеткізілгендер. Ал біз шекара маңына (ҚХР-мен – ҚазТАГ) жеткізе алу мүмкіндігін қарап көруіміз керек», - деді А. Мамин сейсенбі күнгі үкімет отырысында.
Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені мұқият зерттеу керектігіне тоқтады.
«Сіз қазір Қытай былтыр 200 млн тонна көмір импорттады дедіңіз. Менде Қытай 2020 жылға қарай көмір өндірісін 500 млн тоннаға дейін қысқарту туралы шешім қабылдаған деген мәліметтер бар. Яғни, олар экономика мен экология жөніндегі қабылдаған жаңа шешімдер аясында көмір өндірісін қысқартып отыр. Сондықтан бұл жерде олар қайжағынан қысқартып отырғанын, мен аумақ жағын айтамын, ал қай жағында олар көмір әкеліп отырғанын зерттеуіміз керек», - деді Б. Сағынтаев.


Жаңалықтармен бөлісу: