Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Жапониямен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесу барысында.
«Біздің елдеріміз арасында экономикалық тұрғыдан да, саясат саласында да келіспеушілік жоқ. Қазақстан Сіздің елмен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сіздің Орталық Азия елдеріне сапарыңыз маңызды әрі дер кезінде жасалып отыр. Біз өзара іс-қимылдың «Жапония – Орталық Азия» форматын қолдаймыз және оны қажет деп санаймыз», - деп келтірілген Ақорда сайтындағы хабарда сейсенбіде Н.Назарбаевтың сөзі.
Елбасы Астана құрылысы жапон архитекторы К.Куракаваның бас жоспары бойынша, ал елордадағы жаңа халықаралық университетті дамыту Жапония өкілі – ректор Ш.Катсудың басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқанын айтты.
Өз кезегінде С.Абэ қонақжайлық пен ілтипатты қабылдау үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.
«Мен Премьер лауазымында болған 9 жыл ішінде Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Осындай тығыз байланыстар арқылы қарым-қатынастарымызды белсенді түрде дамытып отырғанымыз мені аса қуантады, - деді С.Абэ.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің бұл сапары екі елдің ынтымақтастығына жаңа серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17