Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Байтас Құрманов. Қазақстан жасымық экспорттау бойынша әлемдегі төртінші ел болуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.
«Біз жасымық пен нұт секілді бұршақ тұқымдастырды экспорттау келешегі жақсы деп болжап отырмыз. Біз биыл нұт егістігінің ауданын арттыруды жоспарлап отырмыз, бірақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер дәл осы жасымық өндірісі мен экспорты тиімді екенін біліп, оның егістік ауданын арттырып отыр. Егер, олар бізге биылға беріп отырған болжам бойынша, 200 мың га егістікке жасымық егетін болсақ, онда Қазақстан жасымық егістігінің ауданы жағынан әлемдегі бесінші ел болады, ал оны экспорттау жағынан төртінші орынға шығады», - деді Қ. Айтуғанов бейсенбі күнгі брифингте.
«Бүгінге Канада ең көп жасымық өсіреді, оның 60%-ын Үндістан мен Пәкістан секілді елдерге экспорттайды. Біз үшін Канадаға қарағанда логистикасы жақсы, сондықтан оны келешегі бар бағыт деп есептейміз, оны экспорттау бидай мен арпа экспортына қарағанда тиімді», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45