Қазақстан журналистер одағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған байқау жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті

Күні: 17:47, 14-12-2017.

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қазақстан Журналистер одағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.
«Менде идея болды - біздің елде қара басының қамы үшін емес, идея үшін бірдеңе жасап, жұмыс істеп жүрген адамдар бар ма екен деген.  Біз сондықтан осындай байқау өткізуді ұйғардық, номинацияларды жарияладық: «Батыр», «Жебеуші», «Біздің ауламызда», «Қазақстандық бренд».
Материалдар келіп түсе бастады, конкурс өткізілгеніне өте қуаныштымын. Бүгінде біз кейіпкерлерді, альтруисттерді тапқан журналистермен жеке танысу мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымын. Өте қызықты тақырыптар, материалдар», - деді бейсенбі күні Қазақстан журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова.
Өз кезегінде, «ДАТ» жобасының жетекшісі Ермурат Бапи конкурсқа 100-ден астам еңбек түскенін айтты.
«Биылғы жылы байқауға 56 журналист қатысты: қазақ тілінде - 25, орыс тілінде - 31. Барлығы 131 баспа жұмыстары, 43 бейнематериал және 19 радио материал ұсынылды», - деді ол.
Е.Бапи қазылар алқасының құрамын жариялады: Қазақстан журналистер одағының Төрағасының міндетін атқарушы Тамара Калеева, Қазақстан журналистер одағының жауапты хатшысы Б.Рамазанова, поэзия жинақтарының авторы Ольга Иркегулова, журналистика бойынша кітаптардың авторы Мәдина Әлімханова,
«Жолдас» және «Жібек жолы» конкурстарының лауреаты, Кишинев қаласындағы балалар теледидар бағдарламаларының байқауының лауреаты, теледидар режиссері Наталья Архипова, радио журналисі Ғалым Есенсариев, Халықаралық ақпарат академиясының академигі Шархан Қазағұлов, «SAI» жарнамалық-баспа компаниясы президенті Саин Шаймерден.
Т.Калееваның айтуынша, келесі жылы Журналистер одағына 60 жыл болады.
«Келесі жылы Журналистер одағы 60 жасқа толады, ал басқарма қазір қандай да бір үлкен іс-шараны, Журналистер одағына жастарды тарту мүмкіндігі талқылауда. 60 жыл - мерейтой, онымен аздаған қоғамдық ұйымдар мақтана алады», - деді ол.
Сонымен қатар, Т. Калеева өткен жылы Қазақстанның Журналистер одағының атқарған жұмысы туралы әңгімелеп берді.
«Біз барлық өңірлерден167 адамды мүшелікке қабылдадық, ең алдымен Атырау облысынан. Әрбір өңірде, әрбір қалада жаңа мүшелер пайда болды. Барлығы бізде 4388 адам мүшеміз бар, үлкен ұйым. Барлық конкурстық жұмыстарды біздер өзіміздің  Facebook парақшасында орналастырдық, Қазақстан журналистер одағының сайтын аштық - https://kazmedia.kz», - деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан журналистер одағы бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнама дайындауға белсене қатысты, журналистерге арналған әдебиеттерді басып шығарған және т.б.
Байқау жеңімпаздарын Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев құттықтап, оларға өз жұмыстарында одан әрі табыс тіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: