Қазақстан журналистер одағы мен ҚДБ индустриалдық жобаларды қаржыландыру туралы ең үздік материалға жариялаған байқаудың қорытындысын шығарды

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағы мен Қазақстан даму банкі (ҚДБ) елдегі аса ірі индустриалдық жобаларды қаржыландыру туралы ең үздік материалға жариялаған байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлады банк баспасөз қызметінен.
«Қазақстан журналистер одағы мен Қазақстан даму банкі (ҚДБ) елдегі аса ірі индустриалдық жобаларды қаржыландыру туралы республикалық және аймақтық БАҚ беттерінде жариялаған ең үздік материалға байқаудың қорытындысын шығарды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, жүлдегерлерді марапаттау бүгін Астанада банк ғимаратында болды. ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмишев жеңімпаздарға грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Байқауға түскен жұмыстарды Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев бастаған әділ қазылар алқасы бағалады. С. Матаевтың өзі де марапаттау рәсіміне қатысты.
Конкурсқа 13 қазақстандық БАҚ редакциясынан 17 журналист материалдары қатысты. Жұмыс сегіз санат бойынша бес баллдық жүйемен бағаланды.  
Сөйтіп, «Қазақстан Республикасындағы жобалық қаржыландыру туралы ең үзджік материал» атауында «Информбюроның» тілші-редакторы Жанна Рақымжанова; «Үздік сұхбатта» – «Интерфакс-Казахстан» агенттігінің шығарушы редакторы Елена Преображенская; «Үздік репортаж» - «Эксперт Казахстан» журналының тілшісі Ольга Флинк; «Аймақтық БАҚ-тардағы ең үздік материал» - «Сайыпқыран» (Шымкент қ.) газетінің тілшісі Қалмұрат Даулетбаев танылды.
«Журналистер арасындағы конкурс ҚДБ-ның дәстүріне айналды, осындай алғашқы конкурс 2014 жылы өткізіліп, оған теледидарлық сюжеттер де қатысқан. Осы жолы біз форматты шектеу туралы шешім қабылдадық, себебі осындай шаралар қазақстандық журналистер арасында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес саласындағы капиталды көп қажет ететін жобаларды ұзақ мерзімдік қаржыландыруды дамыту мәселесін жазудағы біліктілікті арттыру үшін маңызды», - деп мәлім етті ҚДБ басқармасы төрағасының кеңесшісі Данияр Темірбаев.  

adimage