Қазақстан журналистер одағы Сейтқазы Матаевқа сенім вотумын танытты

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағы Сейтқазы Матаевқа сенім вотумын танытты.
«Қазақстан журналистер одағының басқармасы шетелдегі өздерінің көшбасшысына қолдау көрсеткен әріптестеріне алғысын білдіреді және өз кезегінде Сейтқазы Матаевқа сенім вотумын танытады», - делінген Қазақстан журналистер одағының сейсенбі күнгі кеңейтілген отырысының қарарында.  
Бұл ретте С. Матаевқа белді халықаралық ұйымдар қолдау көрсеткені айтылады.
«Сейтқазы Матаев Қазақстан журналистер қауымдастығының танымал көшбасшысы, ұлттық журналистика үшін және Қазақстанның шет елдегі имиджінің нығаюына көп еңбек сіңірген.  Сот арқылы қудалауда Сейтқазы Матаевты Журналистік одағының төрағасы лауазымынан шеттетпек әрекеттерді біз лайықсыз әрекет деп бағалаймыз. Оның басындағы қазіргі аса күрделі жағдайда оны ТМД және алыс шетелдердегі көптеген Журналистер одағы қолдады. «Еуропарламент, ЕҚЫҰ, Халықаралық баспасөз институты, Журналистерді қорғау комитеті, Сөз бостандығы халықаралық желісі,  Журналистер одағының  халықаралық конфедерациясы, Артикль 19 сөз бостандығы халықаралық ұйымы да оны қорғап, пікірлерін білдірді», - делінген құжатта.  
Сонымен қатар, қарарда атап өтілгендей, «айыптау қорытындысы мен үкімде бірнеше рет қайталанған Ақпарат комитеті мен «Қазақтелеком» арасындағы іскери байланысты Сейтқазы Матаев қылмыстық ниетпен және «ақша жымқыру мақсатымен» жүзеге асырған деген пайымдаулар құрғақ сөз болып табылады.  
«Тендер нәтижесінде алған барлық қаржыны Ұлттық баспасөз клубы толық көлемде жарғы мақсатына сәйкес қолданған, оған тергеу мен сот назарға алмаған аудиторлық тексеріс нәтижелері куә», - делінген құжатта.  

adimage