Қазақстан журналистер одағы Тәуелсіздік күніне арналған конкурстың қорытындысын жариялады

Күні: 10:10, 06-12-2017.

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан журналистер одағы Тәуелсіздік күніне арналған конкурстың жеңімпаздарының есімдерін жариялады.
«Бірінші орын және 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы 2016-2017 жж. ТДК телеарнасында барлық номинацияларға сәйкес келетін телевизиялық бағдарламалар циклі үшін Киреева Аишаға (Орал) берілді», - деп хабарлады журналистер одағы.
Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің сүйектерін  іздестіру және қайта жерлеу бойынша еріктілердің атқарған жұмысын 7 жыл бойы «Костанайские новости» газетінде жазып жүрген «Қайтарылған есімдер» атты авторлық жобасы үшін екінші орын алған Гудова Иринаға (Қостанай қаласы) Т220 мың ақшалай сыйлық табыс етілді.
«Ұзынкөл» радиосының бас редакторы Нұрлан Қисықов (Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылы) Т95 мың сыйлық пен үшінші орынды иеленді, оған ауыл тұрғындары – ауылдағы мектептерді, ауруханалар мен спорт орталықтарын салып жүрген туған жер патриоттары туралы, сондай-ақ, жұмытары күнделікті ерлікпен ұштасып отыратын өрт сөндірушілер туралы тамаша репортаждары үшін берілді.
Бұдан басқа, Қазақстан журналистер одағы арнайы сыйлықтармен және Т30 мың көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен Ольга Файзулинаны (Ақмола облысы), Алма Тұрғанованы (Атырау облысы), Александр Салминді (ОҚО), Оксана Акулованы (Алматы), Ақмола облысының әкімі Ольга Файзулинаны, Мөлдір Жанбаевты (Алматы), Гүлвира Бигалиеваны (Шығыс Қазақстан), Нұргүл Хайруллинаны (Атырау), Серік Сейітманды (Астана), Татьяна Жанділдинді (Алматы), Татьяна Кольюжнаяны (Қостанай) марапаттады.
Қазақстан журналистер одағының сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі 2017 жылы 14 желтоқсанда сағат 12.00-де  Жолдасбеков көшесі, 9а мекенжайындағы «Евразия» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: