Қазақстан журналистер одағының БАҚ арасындағы байқауына кез келген тақырыптағы жұмыстар қабылданады - ұйымдастырушылар

Күні: 12:03, 21-04-2017.

Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының БАҚ арасындағы байқауына кез келген тақырыптағы жұмыстар қабылданады.
«Бұрындары Қазақстан журналистер одағы 28 маусымдағы Журналистер күніне орайластырып жариялаған БАҚ арасындағы байқауына кез келген тақырыптағы жұмыстар қабылданады. Ол инновациялық зерттеулер, өңірлердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қоршаған орта проблемасы, халықты қоғамдық маңызды жұмысқа жұмылдыру тақырыптары болуы мүмкін. Мәдени әркелкілік тақырыптары да, жастардың әлеуетін кеңейту, адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік проблемаларды шешу, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар дайындау, азаматтық және қоғамдық білім деңгейін көтеру т.б. тақырыптар да құпталады», - делінген ұйымдастырушылардың хабарында.  
Бұл ретте байқауға түсетін жұмыстарға қойылатын негізгі талап - шынайылық, жан-жақтылық, тақырыпты терең зерттеу, өзектілік, оперативтік, сондай-ақ проблемаға ерекше және креативтік көзқараспен келу болмақ.
Байқауға 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2017 жылғы 12 маусым аралығындағы жұмыстар қабылданады. Жарияланымдарды, аудио-бейне сюжеттерді, фотосуреттерді мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: 050010 Алматы, Қалдаяқов к-сі, 79, кеңсе 502; тел.8(727)2670006. Қазақстан журналистер одағы. e-mail: [email protected] . Сондай-ақ байқауға қатысушылар АТӘ, мекен-жайы, телефоны, жұмыс істейтін немесе оқитын жері мен электрондық поштасының адрестері көрсетілген анкетаны толтырып жіберуі тиісті
Қазылар алқасы мен байқау туралы басқа да маңызды ақпараттар Журналистер одағының Facebook: https://www.facebook.com/jurunion/?ref=br_rs парақшасында жарияланып тұрады.
Байқау қорытындысы 23 маусымда жарияланып, марапаттау Алматыда 26 маусымда өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан журналистер одағы БАҚ арасындағы жарияланымдарға дәстүрлі байқау жариялайды. Байқау келесідей номинациялар бойынша өткізіледі: репортерлік жұмыс, экономикалық шолу, саяси шолу, журналистік зерттеу, телекөрсетілім бағдарламасы, фотожұмыс, ең үздік интернет-жоба, әлеуметтік желідегі есім (блогер).
Әр номинация жеңімпаздары ақшалай және құнды сыйлықтармен марапатталады.


Жаңалықтармен бөлісу: