Мәскеу. 17 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстанның Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев белгілі құқық қорғаушы Андрей Сахаровтың «За мужество» («Ержүректігі үшін») орденімен марапатталды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне сыйлық ұйымдастырушылары.
«С. Матаев «Журналистика как поступок» («Журналистика - әрекет») номинациясында атақты құқық қорғаушы А.Сахаровтың «За мужество» («Ержүректігі үшін») орденімен марапатталды. Қазылар алқасы 2017 жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғаушылар, журналистер мен азаматтық белсенділердің ондаған кандидатураларын қарады. С. Матаев марапатқа құжаттарды ұсынбаған, оны марапаттау туралы шешім - байқауды ұйымдастырушылардың бастамасы», - деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері.
«За мужество» («Ержүректігі үшін») ордені - белсенді азаматтық ұстанымы үшін билік тарапынан қудалауға ұшыраған белсенділер үшін беделді марапаттардың бірі. А.Сахаров сыйлығы 2001 жылы құрылды. Қазылар алқасы жазушылардан, журналистерден, құқық қорғаушылардан және әлеуметтанушылардан тұрады.
Олардың ішінде Владимир Войнович және Светлана Алексиевич бар. Академик А.Сахаровтың қолдаған құндылықтары үшін «Журналистика как поступок» («Журналистика – әрекет») деп аталатын номинацияда әр түрлі уақытта Анна Политковская, Отто Лацис, Борис Вишневский, сондай-ақ «Азаттық радиосының», Би-Би-Си орыс қызметінің, «Новая газетаның», «Эхо Москвы» радиостанциясының редакциялары болды.
«За журналистику как поступок» («Журналистика – әрекет») байқауының қазылар алқасы А.Д. Сахаровтың «За мужество» («Ержүректігі үшін») орденімен өздерінің азаматтық ұстанымын білдіргені үшін билік тарапынан қудаланған Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның 22 блогерлері, журналистері, публицистерін марапаттайды», - деп атап өтті сыйлықты ұйымдастыру комитеті.
Орден азаматтық құқықтар үшін күресіп жүрген құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық белсенділер, соның ішінде сөз және ақпарат бостандығы үшін күресушілерге беріледі.
«Марапатталғандар ішінде түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген авторлар, түрмеге отырып шыққан және өздеріне қарсы қылмыстық істер қозғалғанына, арандатушылыққа, шабуылдарға және қауіп-қатерлерге қарамастан, өздерінде сенімді жоғалтпаған авторлар бар. Бұл мемлекетпен қақтығысуға қорықпайтын адамдар», - деп атап өтті марапат ұйымдастырушылары.
Ұйымдастыру комитетінде айтылғандай, осындай адамдардың арқасында әлі де жариялылық бар.
«Олардың күш-жігері өткендегі және бүгіні туралы шындықты жарыққа шығаруға, ұлттың қадірін сақтауға, оның құлдыққа түсуіне мүмкіндік бермей, әдепсіздікке және бейсаналыққа түсуіне жол бермеуге көмектеседі», - делінген байқау сайтында.
Марапаттау қаңтар айының екінші жартысында өтеді.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51