Қазақстан журналистері Матаевтарды заңсыздықтардан қорғауын талап етіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған үндеуіне қол жинауды бастады

Күні: 14:01, 19-09-2016.

Aлматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан журналистері ҚР журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтарды заңсыздықтардан қорғауын талап етіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған үндеуіне қол жинауды бастады.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Сізге конституциялық құқық пен адам бостандығының кепілі ретінде, Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды орын алып отырған заңсыздықтан арашалауыңызды сұрап және сол арқылы бар болғаны өткен 25 жылда Орталық Азиядағы демократияның форпостына айналған еліміздегі сөз бостандығы мен заңдылықтарды қорғауыңызды өтініп, жүгініп отырмыз», - делінген үндеуде.
Бұл ретте, тергеу барысында заңдардың ашықтан-ашық бұзылып отыруы бүкіл Қазақстанның имиджіне теріс әсер етуде деп атап көрсетіледі.
«Сейтқазы және Әсет Матаевтардың үстінен өтіп жатқан сот процесі қалыптасқан мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету жүйесінің әлі де жетілдірілмегенін, Қазақстан құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің жекелеген қызметкерлерінің теріс түсінігі мен сорақы біліксіздігін нақты көрсетіп, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретіндегі халықаралық беделіне елеулі нұқсан келтіруде», - делінген құжатта.
Сондай-ақ үндеуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшылығы басынан бастап кінәсіздік презумпциясын ашық бұзып отырғаны қадап көрсетіледі.
«Ешқандай негізсіз, мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты орындау және бөлудің қалыптасқан тәжірибесіне талдама жасамастан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшылығы жүздеген БАҚ арасында Ұлттық баспасөз клубы мен халықаралық ақпараттық ҚазТАГ агенттігін өз бетінше таңдап алып, соттан бұрын-ақ олардың жетекшілерін жариялы түрде қылмыскерлер деп атап, кінәсіздік презумпциясын өрескел түрде бұзды», - делінген құжатта.
Одан басқа, тергеу барысында орын алған Матаевтардың заңсыз үй қамауына алынуы, соттылықтың бұзылуы, С. Матаевтың медициналық көмек алуына кедергі келтірілуі, қорғаушылар жағы берген дәлелдерді елемеу, сарапшы мен тергеушінің туыстық байланыста болуы мен т.б. көптеген бұзушылықтар атап көрсетілген.
Хабарда айтылғандай, үндеуге келесі сілтемеде қол қоюға болады
http://www.onlinepetition.ru/%D0%BE%D1%82%D0%BA%D1%80%D1%8B%D1%82%D0%BE%D0%B5-%D0%BF%D0%B8%D1%81%D1%8C%D0%BC%D0%BE/petition.html


Жаңалықтармен бөлісу: