Қазақстанда 1 мамыр жауынды болады – синоптиктер

Күні: 14:52, 29-04-2016.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – 1 мамыр күні Қазақстанда жауынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Мысалы, синоптиктер Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, Алматыда күн күркіреп, өтпелі жауын жауады деп отыр. Ауа температурасы сәйкесінше, +15+17 және +20+22 болады.
Қостанай облысында күндіз күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +15+20 градус.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын жауады, +13+18 градус. Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, тұман түсіп, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз +13+18. Павлодар облысында да жауын жауады деп болжануда, ауа температурасы +13+18 градус.
Қарағанды облысында 1 мамырда күн күркіреп, жауын жауады, кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз +15+20. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, +12+17.
Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы күндіз +23+28 градус. Оңтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, жауын жауады, +28+33. Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, +20+25.
Маңғыстау облысында жауынды болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады, ауа температурасы +15+20. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +15+20 және +10+15. Ақтөбе облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, ауа температурасы +15+20.


Жаңалықтармен бөлісу: