Қазақстанда 15-17 қазанда бірқатар өңірлерінде түнде -10 градусқа дейін салқындайды

Күні: 13:16, 14-10-2015.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда 15-17 қазанда бірқатар өңірлерде түнде -10 градусқа дейін салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  

«Қазақстанның бірқатар өңірлерінде түнде  5-10 градусқа дейін аяз болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана +3+8 градусқа дейін жылы болады. Күндіз ауа райы +5+10 градусқа дейін жылиды, оңтүстік пен оңтүстік шығыста +12+20 градусқа дейін жылиды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.  

Алдағы үш тәулікте Қзаақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Тек республиканың батысында, орталығы мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  


Жаңалықтармен бөлісу: