Қазақстанда 19,6 млн тонна астық бастырылды

Күні: 16:29, 19-10-2015.

Aстана. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша 2015 жылғы 19 қазанға 19 643,4 мың тонна астық бастырылды, деп көрсетілген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтерінде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтерінше, 19 қазанға диқандар 14 714,3 мың гектар астық жинады, ол облыстардағы егістіктің 99,8%-ын құрайды. Астықтың орташа өнімділігі 13,3 ц/га.
2014 жылы Қазақстанда осы аралықта диқандар 12 736,4 га егістікті жинап, ол егістіктің 85,5%-ы болып, 15 684,5 мың тонна астық бастырылған. Былтыр егіннің орташа өнімділігі 12,3 ц/га болған.
2015 жылы Қазақстанның дәнді дақылдар себілген егістік алқабы 14 967,3 мың га, болса, 2014 жылы – 15 302,9 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: