Қазақстанда 19,8 млн тонна астық бастырылды

Күні: 12:41, 26-10-2015.

Астана. 26 қазан.ҚазТАГ – Астық жинау туралы жедел мәліметтер бойынша Қазақстанда 2015 жылғы 26 қазанға 19 871,7 мың тонна астық жиналды, делінген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарында.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтерінше, 26 қазанға диқандар 14 726,6 мың га. егістік жинады, ол облыстардағы астықты алқаптың 99,9%-ы. Орташа астық өнімділігі 13,5 ц/га.
2014 жылы осы кезеңге Қазақстанда диқандар 12 932,4 мың га егістікті жинаған, және ол облыстағы астықты алқаптың 86,8%-ын құраған, 15 983,6 мың тонна астық жиналып, орташа астық өнімділі 12,4 ц/га болған.
2015 жылы Қазақстанның дәнді дақылдар себілген егістік алқабы 14 967,4 мың га, болса, 2014 жылы – 15 302,9 мың га. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: