Қазақстанда 19,95 млн тонна астық бастырылды

Күні: 13:17, 02-11-2015.

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ – Дәнді дақылдар жинау туралы соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2015 жылғы 2 қарашаға 19 953,5 мың тонна астық бастырылды, делінген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтерінде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтерінше, 2 қарашаға диқандар 14 739 мың га. егістік жинады, ол облыстардағы астықты алқаптың 99,99%-ы. Орташа астық өнімділігі 13,5 ц/га.
2014 жылы осы кезеңге Қазақстанда диқандар 13 262,3 мың га егістікті жинаған, және ол облыстағы астықты алқаптың 89%-ын құраған, 16 541,9 мың тонна астық жиналып, орташа астық өнімділі 12,5 ц/га болған.
2015 жылы Қазақстанның дәнді дақылдар себілген егістік алқабы 14 967,4 мың га, болса, 2014 жылы – 15 302,9 мың га. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: