Қазақстанда 2015 жылғы ІІІ тоқсанға кедейшілік шегі анықталды

Күні: 10:38, 13-07-2015.

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда 2015 жылғы ІІІ тоқсанға кедейшілік шегі анықталды. Бұл туралы 15 маусымдағы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  бұйрығы ресми басылымдарда жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында бұйырамын:
Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 3 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республика¬сының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін», - деп көрсетілген құжатта.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 2015 жылғы маусым айында Т19 677 деп анықталған, ол оның алдыңғы айдағыдан 3,5%-ға көп.  


Жаңалықтармен бөлісу: