Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жаза түрі күшейтілген

Күні: 13:20, 01-01-2015.

Астана. 1 қаңтар. ҚазТАГ -  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа нұсқадағы   Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жаза түрі күшейтілген.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың шілдесінде  Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасына  қол қойды.  

«Сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғаларға тараптардың татуласуы салдарынан қылмыстық жауапкершіліктен босату секілді шара қолданылмайды. Оларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату және шартты түгрде босату түрлері де қолданылмайды», - деді бұған дейін ҚР бас прокурорының көмекшісі  Нариман Қасымбеков.

Сыбайлас жемқорлық құрылымдарының бірқатарының санкциялары күшейтілген, яғни осындай қылмыс жасағандарға белгілі бір лауазымдарды иеленуге, белгілі бір қызметтермен айналысуға өмір бойына тыйым салынады.  

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғаларға, тіпті олар лауазымды тұлғалар болып табылмаса да, мемлекеттік қызметке өтуге тыйым салынады.  

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін атақтарынан және мемлекеттік наградаларынан айыру соттарға жүктелген.

Сыбайлас жемқорлық баптарында пара сомасына  немесе оның құнына байланысты айыппұл енгізілген.


Жаңалықтармен бөлісу: