Қазақстанда 26-28 сәуірде түнде үсік жүріп, қар аралас жауын жауады деп күтілуде

Күні: 11:57, 25-04-2016.

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – 26-28 сәуір аралығында Қазақстанның басым аумағында түнде үсік жүріп, қар аралас жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс облыстарының кей жерлерінде жауын жауып, түнде қар аралас жауынға айналып, ауа темпетаруасы түнде минус 5º градус аяз бен плюс  2º жылы аралығында, ал күндіз 9-15º градус жылы болады», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Республиканың қалған аумағында да күн күркіреп, өтпелі жауын жаууы ықтимал, бірақ бұл ретте ауа температурасы аздап қана өзгереді.


Жаңалықтармен бөлісу: