Қазақстанда 4 ақпанда балаларға арналған «Дауыс» («Голос») музыкалық жобасы басталады

Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ – 4 ақпанда «Еуразия» Бірінші арнасында «Балалар Қазақстан Даусы» («Дети Голос Казахстана») шоу-бағдарламасы басталады, деп хабарлады телеарнаның арнайы жоба қызметінен.
«Сенбі күні, 4 ақпанда Бірінші арнада тарихымызда  бірінші «Балалар Қазақстан Даусы» атты шоу маусым басталады. Көптен күткен оқиға ересектерге арналған «Дауыс» бағдарламасынан да қызық болады деп күтілуде», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, жоба форматы ересектерге арналған «Дауыс» шоудағыдай болады. Тәлімгерлер құрамы сақталады – олар ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Жанна Орынбасарова, Ева Бехер мен Әли Оқапов
«Сіздер де (телекөрермендер – ҚазТАГ) дарынды жастардың тағдырына ықпал ете аласыздар. Себебі ең басты дарынды финалға шыққан жеңімпазды тек телекөрермендер тікелей эфирде дауыс беру арқылы анықтайды», - деп атап көрсетілген хабарда.
«Балалар Қазақстан Даусы» эфирге 20.30-да шығады.
«Балалар Қазақстан Даусы» жобасы алғаш рет Голландияда 2010 жылы жарыққа шыққан танымал «The Voice» форматының қазақстандық үлгісі.  Қазір «The Voice» барлық құрылықта, 50-ден астам мемлекетте шығады, өте танымал және рейтингі де өте жоғары.

adimage