Қазақстанда 40 күн бойына террорлық қауіптің «сары» режимі күшін сақтайды

Күні: 19:31, 06-06-2016.

Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда 40 күн бойына террорлық қауіптің «сары» режимі күшін сақтайды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінен.
«Қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, терроризммен күрес жөніндегі Республикалық оперативтік штабтың басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В. З. Жұмақанов ақпаратты мониторингілеу және террорлық акт қауіпінің туындауы туралы халықты құлақтандыру мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеуі ережесінің 4-ші тарауына сай Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында 40 күн бойына террорлық қауіптің орташа түрдегі «сары» деңгейі орнатылды», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.    
Сондай-ақ ҰҚКД қазақстандықтарды қырағылық танытып, иесіз заттарға назар аударуға (сөмкелер, қораптар, бумалар, қаптар, чемодандар және т.б.), әсересе сымтемірлері көрініп тұрған техникалық құрылғыларға, сондай-ақ қоғамдық орындардағы және көліктердегі күдікті тұлғаларға қарап жүруге шақырды
Одан басқа, департаменттегілер күдікті заттарға жоламауға, әсіресе беймәлім адамдардан тасымалдауға заттарды алмауға кеңес беріп отыр.
«Құқық қорғау орган қызметкерлерінің құжаттарды тексеру әрекеттеріне түсіністікпен қарап, оларға көмек көрсетіңіздер», - деп сұрайды ҰҚКД.
Сондай-ақ дүрлікпей, мемлекеттік органдардың ресми хабарларын ғана назарға алуға кеңес береді.


Жаңалықтармен бөлісу: