Қазақстанда 9 мамырда Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы анимациялық фильм көрсетеді

Күні: 17:09, 09-04-2015.

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда 9 мамырда Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы «Тағдыр» атты анимациялық фильм көрсетіледі, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедяров.  

«Қазір Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы «Тағдыр» анимациялық фильмін көрсету бойынша жұмыстар жүріп жатыр», - деді Ғ.Ахмедьяров бейсенбідегі баспасөз-мәслихатында.  

Бұл ретте ол 9 мамырда мемлекеттік арналарда көрсету жоспарланып жатқанын айтты.

«Бұл анимациялық фильмнің хронометражының неше минут екенін айта алмаймын. Бірақ бұл жоба - мәдениет министрлігінің мемтапсырысы, оны «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жүзеге асырып жатыр», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: