Қазақстанда ақпарат жөніндегі заң жобасында блогерлерді БАҚ ретінде тіркеу алынып тасталды

Күні: 16:32, 19-01-2017.

Алматы. 19 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасынан блогшыларды БАҚ ретінде ресми тіркеу алынып тасталды, деп хабарлады ҚР ақапарт және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Министрлік әр түрлі алаңдарда ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша заң жобасын кеңінен талқылауда. Бұл үдеріске сарапшылар, журналистер мен азаматтық сектор тартылған», - деп жазды Д. Абаев бейсенбі күні  Facebook парақшасында.
Атап айтқанда, оның айтуынша, жұмыс тобының отырысы аясында сарапшылар мен журналистер блогшыларды тіркеуге қатысты ескертулер айтты.  
«Біз бұл норма ерікті сипатта болар және желідегі танымал тұтынушыларға БАҚ-тардағы барлық құқықтарды алуына мүмкіндік берер деп ойладық», - деді министр.  
Одан басқа ол талқылаудың барлық кезеңінде де пікір таластырушылар түсніктеме жазушыларды «анонимсіздендіру» деп аталатын нәрсе туралы нормаға ерекше назар аударды деді.  
«Ол троллингпен, тексерілмеген ақпаратты жариялап жіберумен, арандатушылықпен, экстремизм және әлеуметтік алауыздықты өршітушілкке қарсы күреске бағытталғанын айтқым келеді», - деді Д.Абаев.
«Бүгін аталған нормаларды заң жобасынан алып тастау туралы шешім қабылданды», - деп тұжырымдады министр.
Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департамент директорының орынбасары Бекзат Рахимов блогшыларды БАҚ ретінде ресми тіркеу оларға мемтапсырыс алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ БАҚ ретінде тіркелген блогшылар өздері жасаған сауалдарына, БАҚ туралы заңға сай,  үш күн ішінде жауап беруін талап ете алады деп айтқан болатын.
Өз кезегінде халықаралық сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева блогшыларды есепке алу оларды қадағалаудың кезекті тетігі болады деп есептейді. Бұл ретте ол, ондай тіркелуден өту мемтапсырыс алуға арқа сүйейтін блогерлерге ғана тиімді екенін айтты.
Т. Қалеева ресми тіркелуден өтпегендерге псевдонимдерді пайдалануға салынған тыйым қазақстандық пайдаланушыларды шетелдік ресурстарға өтіп кетуге итермелеуі мүмкін деді.
Оның айтуынша, интернет-кеңістікті реттейтін заң интернетті өз пікіріңді еркін білдіретін кеңістік ретінде сақтайтын халықаралық критерилерге сай болуы керек.  


Жаңалықтармен бөлісу: