Қазақстанда АЭС салу туралы келісімге 2015 жылдың І-ші жартыжылдығында қол қою жоспарлануда

Күні: 15:47, 07-04-2015.

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ - Данияр Серіков. Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу туралы келісімге 2015 жылдың І-ші жартыжылдығында қол қою жоспарлануда, деп мәлім етті Қазақстандағы «Росатом» мемкорпорациясының өкілі Виталий Рябов.
«Қазір сол келісімнің егжей-тегжейі пысықталуда. Қазір үйлестіру жүріп жатыр, келісімшартты оңай жасау үшін қазір негізгі келісім мұқият пысықталуы керек. Біз қазір Ресейде ведомствоаралық үйлестіруден өттік. Бірақ Қазақстанда бұл үдеріс біраз тежеліп қалды, себебі министрлік қайта құрылып, жаңа талаптар туындады», - деді сейсенбі күні В. Рябов KazAtomExpo көрмесінің ашылуында.
«Мен биылғы бірінші жартыжылдықта келісімге қол қойылар деп ойлаймын», - деді ол журналистерге.  
Ондағы мәліметтер бойынша, ресейліктердің қатысуымен АЭС салынатын орын ретінде Курчатов қаласы таңдалыпты, ал тендер жарияланатын екінші станса салынатын орын ретінде Балқаш таңдалды.
«Қазақстан станса қуаты қандай, стансаның өзі қандай болуы керектігін анықталуы керек. Себебі біз көптеген мүмкіндіктерді ұсынып отырмыз. Ақтауда салу ұсынысы болған, алғашқыда біз онда айырбас қуат салмақшы болдық. БН-350 жұмысы тоқтатылды ғой, қазір онда жаңадан екі реактор орнату ұсынылды, бірақ кейін біз Ақтауда ілеспе газ болады деп шештік. Басқа жер ұсынылды, біз ол жерге де салуға келісіп отырмыз», - деп қадап айтты «Росатом» өкілі.
Бұл ретте ол АЭС салу бағасы қанша тұратынын нақты айта алмады, бірақ станса 60 жылға есептелір салынатынын атап кетті.  Сонымен қатар «Росатомда» келісімге қол қою мәселесі 2014 жыл соңына дейін шешілер деп күткенін айтып кетті.
Сондай-ақ ҚазТАГ агенттігіне берген түсініктемесінде В. Рябов Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындарда уран өндірудегі  Ресейдің үлесі туралы айтып берді.
«Біздегі цифр бойынша – 6 мың тонна болады. Қазір одан сәл аз», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: