Қазақстанда АЭС салу жобасын «жасыл» энергетикасын дамыту деп есептеуге еш болмайды - Олжас Сүлейменов

Күні: 20:20, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Қазақстанда АЭС салу жобасын «жасыл» энергетикасын дамыту деп есептеуге еш болмайды, деп есептейді ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.
«Мен біздің елде АЭС салу жобасына онша қуанышты емеспін, оның үстіне EXPO-2017 «Келешек энергиясы» тақырыбындағы дүниежүзілік көрме қарсаңында. Онда біз адамзат үшін қауіпсіз «жасыл» энергетиканы дамыту туралы айтпақшымыз», - деді О. Сүлейменов дүйсенбі күні «Жер мен Адамзатты өркендету» бағдарламасы» іске асырылуда және дамуда» тақырыбындағы дөңгелек үстелде
О. Сүлейменов АЭС салу жобасын, «егер оны өте қатты бояп қоймаса», «жасыл» энергетикасын дамыту деп есептеуге еш болмайды деп есептейді.
«Мен қазір «Невада-Семей» қозғалысының барлық мүшелерінің атынан сөйлей алмаймын, себебі олардың әрқайсында АЭС салуға қатысты өз пікірлері болуы мүмкін. Бірақ біз оны талқылауға шығарып, ол туралы өз пікірімізді айтамыз», - деп ол қадап айтты.
Бұрын хабарланғандай, 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей Қазақстан республикасының аумағында атом электр стансасының құрылысын салуда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Одан бұрын, 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстанда АЭС салу туралы «Қазатомөнеркәсіп» пен «Росатом» арасында меморандумға қол қойылды. Оған ҚР тарапынан В. Школьник пен РФ тарапынан Сергей Кириенко қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» мәліметтеріне сай, Қазақстанда бекітілген қуаттары 300 - 1200 МВт болатын АЭС құрылысы қарастырылуда.
АЭС салынатын орын әлі таңдалған жоқ. Бірақ ол Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы Курчатов қаласында, немесе Балқаш көлінің маңында болуы мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: