Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылиды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 28-30 қазан аралығында күн жылиды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон, үлкен жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытына қарай жылжыйтын болады. Сенбіде ол республиканың шығыс аймақтарына дейін жетеді. Осы циклонмен республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын - жаңбыр, қар, қатты ұшқынды жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында мүмкін жеке аймақтарда жаңбыр күтіледі», - делінген жұмадағы синоптиктердің хабарында.
Хабарда айтылғандай, циклонның артынан Иран аймағынан түсетін құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстанның бүкіл территориясына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысындағы күндізгі температура 3...11 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 15...20 дейін, оңтүстіктің шетінде 23...28 дейін жылы, яғни қазанның соңы үшін климаттық нормадан жоғары.
Бұл ретте, синоптиктердің айтуынша, қазанда Қызылорда облысында кей жерлерде батыстан 15-20м/с жел тұрады, тұман түседі.  
28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын, көктайғақ.  
28 қазанда Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады.  

adimage