Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауады, күн күркірейді деп болжануда

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағайлатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Бірінен кейін бірі ауысатын циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағайлатып, бұршақ жауып, желдің 15-20 м/с күшеюін, оңтүстікте шаңды дауыл тудырады. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 1-3 градусқа нормадан төмен болады, ал қалған аумақта 3-5 градусқа нормадан жоғары болады»ғ – делінген дүйсенбі күні таратылған маусымның 19-21 аралығына арналған ауа райы болжамында.

adimage