Қазақстанда аптаның алғашқы жартысында жауын-шашынды салқын ауа райы болады деп болжануда

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда аптаның алғашқы жартысында жауын-шашынды салқын ауа райы болады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон жылжып, кейін уақытша жауын-шашынның тоқталуы мен  ауа температурасының көтерілуін алып келеді. Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде ылғалды қарға айналатын жаңбыр және батыста температура 0+5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді», - деп хабарлады дүйсенбіде синоптиктер.  
Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуына қарай солтүстік-шығысқа найзағайлы жаңбыр және республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысына күннің суытуын алып келеді, 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың сулы қарға айналуы мүмкін.            

adimage