Қазақстанда Астана күні аталып өтілуде

Астана. 6 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда Астана күні аталып өтілуде.
Мерекелеу аясында елордада әртүрлі алаңқайларда концерттер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, фестивальдар, жәрмеңкелер және т.б. өтіп жатыр.
Сөйтіп, 6 шілде күні «Astana park land» қалалық саябақтар фестивалі өтеді. «Астана» сурет галереясынан қалалық алаңға дейін «Астана Самалы» үрмелі оркестр шеруі өтеді.
«Қазақ елі» монументінің маңындағы алаңда елорда тұрғындары мен қонақтарын бұқаралық серуен күтеді, ал «Хан Шатыр» ОСО-да – «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпенділер өркениетінің фестивалі.
Конгресс-холда «Көңілді Астана» әзіл-сықақ кеші өтеді; Еуропаның көне театрларының бірі, италиялық Сан-Карло театры Astana Opera-да «Жизель» балетін ұсынады. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары «Magic Astana» атты халықаралық сиқыршылар» фестивалі мен «Қайырлы кеш, Астана!» кешкі концерт бағдарламаларына бас сұға алады. Есіл өзенінің жағалауында «Дыбыс өзені» классикалық музыка кешінен ләззат алуға болады.
Шаралар мерекелік отшашумен аяқталады, оны бірден қаланың бірнеше нүктесінен көруге болады.
Астана ІІД хабары бойынша, қаланың 17 жылдығын тойлау күндерінде қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз ететін болады.
Еске сала кетейік, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Астананың ресми көшірілуі 1997 жылдың 10 желтоқсанында орын алды. Президенттің 1998 жыл 6 мамырдағы өкімімен Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Елорда күні 6 шілде күні аталып өтіледі және мемлекеттік мейрам болып табылады.
Биыл 4, 5 және 6 шілде демалыс күндері болып табылады.

adimage