Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Арсен Асқаров. Қазақстанда ата-аналарды балаларының интернетте қанша уақыт өткізгенін қадағалауды міндеттейді, деп мәлім етті ҚР парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.
«Аталған заңның орындалуына ақпарат және коммуникация министрлігі арқылы елеулі талап қойылады. Яғни, осы заң қабылданған соң, коммуникациялық желілер арқылы жас жағынан қойылған шектеуге сай келмейтін ақпарат таратылмайтын болады. Оған бәріне әйгілі «Синий кит» қатерлі ойыны да, парнографиялық мазмұндағы ақпараттық өнімдер, немесе есірткі, психотроптық заттардың белгісі бар өнімдер де кіреді», - деді Б. Тілеухан сейсенбі күні «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында.
«Бұл ретте өздерінің жастарына сай келмейтін ақпаратты белгіленбеген уақыт аралығында көруге рұқсат еткен ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жалпы алғанда, бұл заңды ата-аналардың қатысуынсыз іске асыру мүмкін емес», - деді ол.
Егер ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдырған жағдайда қандай жаза алатыны желіде көрсетілмеген. Бірақ, депутаттың айтуынша, Батыста мұндай жүйе бұрыннан жөнге келтірілген.
«Батысеуропалық заңнамалық мектеп былай дейді: егер бала бір нәрсені бүлдірсе, онда ата-анасынан сұрау керек. Олар неге осылай жасады екен? Біз әзірге осы тұстарын пысықтап жатырмыз, сондықтан асығыстықпен жазалау шараларына барғымыз келмейді. Сосын, кешкі сағат 9-дан кейін балаға интернетке кіруге рұқсат бермеу – ол өте тиімсіз», - деді журналистерге депутат Артур Платонов.
Сонымен қатар аталған заң жобасы қашан қабылданатыны мүлдем белгісіз.
«Мәселе балаларды интернетте қорғау жүйесінің жоқытығында. Ал ондай жүйе Батыста 1989 жылдан бері бар. Әзірге біздің заңнамамыз бұл мәселеде елеулі қалып келеді. Қазір осы заң жобасы талқыланып жатқанда, жекелеген тармақтар мен ұсыныстар айтылуда, ал бізге бүтіндей қорғау жүйесін әзірлеу керек. Кез келген жағдайда біз осы заң жобасын тезірек қабылдауға тырысамыз, себебі ондай заң өте қажет», - деді А. Платонов.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45