Қазақстанда айналымнан шыққан T2 мың, T5 мың және Т10 мың банкноттар 3 жыл ішінде алмасылады

Күні: 13:00, 03-10-2017.

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда айналымнан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі T2 мың, T5 мың және Т10 мыңдық банкноттар ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында 3 жыл ішінде алмасылады, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3 қазанда екінші деңгейдегі банктердің 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы хабарлайды. Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмастан 2020 жылғы 3 қазанға дейін айырбастау үшін қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 270 45 69 телефоны бойынша хабарласуға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған байланыс телефондары: +7 (727) 2704-585,+7 (727) 3302-497


Жаңалықтармен бөлісу: