Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда қазақстандық ауыр атлетшілердің қатысуымен орын алған допинг-дауды тексеру үшін комиссия құрылды, деп мәлім етті ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Біз қазір министрліктің жанынан Қазақстан ауыр атлетка федерациясымен бірлесіп комиссия құрдық. Себебі бұл оқиға бәрімізді алаңдатып отыр. Бірақ мен бұл алдын ала қойылған диагноз екенін, ақтық диагноз еместігін айтқым келеді. Әрине, біз қазір апелляцияға беріп жатырмыз. Әр спортшы дәрілерге тестілеуден өтеді. Олардың қорытындысын біз күтеміз», - деді А. Мұхамедиұлы жұма күні журналистерге.
Бұл ретте министр ауыр атлетшілердің бапкерлерімен сөйлесетінін жеткізді.
«Біздің спортшыларымызды дәрі ішуге итерген бапкерлерді біз жазалаймыз, себебі оған жол беруге болмайды. Біз таза спорт үшін күресеміз. Оның үстіне біз спортшыларымыз үшін алаңдаулы емеспіз. Бізде запастағы спортшыларымыз да жеткілікті», - деді ол.
«Біздің жастар арасында әр салмақ категориясында үміт артарлық жастар жеткілікті. Біз үшін Қазақстанның спорт державасы ретіндегі беделін сақтап қалу маңызды. (...) Қалай болғанда да біз барлық оқиғаны мұқият талдауымыз керек. Алда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары бар, оған біз жақсы нәтижелермен шығып отырмыз», - деп қорытындылады А. Мұхамедиұлы.
Қазақстандық БАҚ-тар хабарлағандай, 24 желтоқсан күні ауыр атлетика халықаралық федерациясы (IWF) допинг-бақылаудың зертханалық талдамаларының нәтижесінде қазақстандық үш ауыр атлетшіні - Алмас Утешев, Жасұлан Қыдырбаевты және Ермек Өміртайды антидопингтік ережені бұзуы мүмкіндігінен халықаралық жарыстарға қатысудан уақытша аластатты. Хабарланғандай, спортшылардан Хьюстондағы 2015 жылғы әлем чемпионатындағы алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тиым салынған дәрілер анықталған.
Хьюстонда А. Утешов күміс медаль, Ж. Қыдырбаев – қола медаль алған. Спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуға дайындалып жүрген.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
13 Қыркүйек 2024, 09:28 -
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02