Қазақстанда баспа БАҚ бұзушылықтың жоғары тәуекеліне жатқызылды

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда баспа БАҚ бұзушылықтың жоғары тәуекеліне жатқызылды, деп мәлімдеді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорынан.
«Мерзімді баспасөз БАҚ иелері жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, және сәйкесінше, егжей-тегжейлі тексеріледі, ал ақпараттық агенттік, желілік басылымдар мен интернет-ресурстардың иелері жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған», - деді сейсенбіде «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева ақпарат және коммуникация министрлігі мен ұлттық экономика министрлігінің бірігіп әзірлеген «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» бұйрығына берген түсініктемесінде.
Құжатқа сәйкес, тәуекел дегеніміз, «бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы» болып табылады.
Т. Калеева атап өткендей, телевидение мен радио тәуекел нысандары тізімінен алынып тасталған.
«Мүмкін жіберіп алды ма, мүмкін (телевидение мен радио туралы – ҚазТАГ) уақыт өте өз алдына бұйрық қабылданатын шығар. Тиражы 5-10 мың дана болатын баспа БАҚ-тарынан келетін қауіп, желілік ақпарат агенттігі мен блогерлерден келетін қауіптен неге жоғары болады деген сұрақты риторикалық сұраққа жатқызалық», - деді құқыққорғаушы
Қор басшысы нақтылап кеткендей, тексеру, қадағалау және бақылау мұқият реттеліп отырады.
«Тексерулер іштей болады, «субъектіге (объектіге) бару арқылы» – бұл тәуекел дәрежесі жоғары (объектілер) үшін. Баспа БАҚ иесіне бару, желілік басылымдар мен интернет-ресурс иелеріне барудан әлдеқайда оңай екені түсінікті! Тіпті оларды алдымен тауып көріңіз! Мүмкін осындай себептен де баспа БАҚ «үлеске түскен» болар?» – деген сұрақ тастады «Әділ сөз» қорының президенті.
Екі министрліктің ортақ бұйрығын талдаған құқыққорғаушылар басқа да сұрақтарға тап болып отыр - тексерушілер қандай зиянның алдын алмақшы?
«Оны жіктеу үшін бұзушылықтың арнайы дәрежелері әзірленген. Үш дәрежесі бар: өрескел, елеулі, елеусіз. Бұзушылықты осылардың қайсысына жатқызуға болатынын анықтау үшін тексерушілер тәуекел дәрежесін есептеу тәртібін және математика факультетінің түлектері ғана түсіне алатын формулаларды қолдануы керек. Біздің арамызда ондайлар табылмады. (Мүмкін ондайлар ақпарат минінің аумақтық бөлімшелерінде бар шығар? Оларды БАҚ туралы заңның былтырғы түзетулерімен тектен-текке ресмилендірмеген шығар). Егер ондайлар сіздің де аумақта болмаса, көңіліңіз түспесін, - барлығы тексеру парағында түсінікті. БАҚ туралы заңның ресми талаптарын бұзсаң – елеусіз бұзушылық, осы заңдағы тыйым салуларды бұзсаң – қатаң тексеруге тап боласың, алкоголь және басқа да заттарды жарнамаласаң «бақылау субъектісіне келіп, профилактикалық тексеру жүргізілетін болады», - деп түсіндірді құқыққорғаушы.
Сөзін қорытындылай келе, сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті журналистерді мұқият болуға шақырды
«Қысқасы, мұқият болыңыздар, әріптестер, көзге түсе бермеңіздер. Мүмкін, сол кезде, сіздерге де жеңілдететін индикаторлар ретінде бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерінің ынталандыру қағидалары қолданылатын болар. Бізде Бұйрықтың бірқатар ережелерінің заңдылығына кейбір нақты күмәніміз бар. Біз оларды өз алдына хат ретінде жазып, ақпарат және коммуникация министрлігіне жолдаймыз және жауабын міндетті түрде жариялайтын боламыз», - деді Т. Калеева.

adimage