Қазақстанда бейматериалдық игіліктер да жемқорлық сипатқа ие болмақ

Күні: 17:30, 25-09-2015.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда жемқорлық сипатындағы нәреселерге мүліктік секілді, кез келген бейматериалдық игіліктер де жатқызылмақ, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қмыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң жобасында оның жартысынан көбін жүзеге асыру қарастырылады. Сонымен Стамбулдық жоспарда (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары – ҚазТАГ) жемқорлық құбылыстарға мүліктік заттармен қатар бейматериалдық игліктер де жатқызылады», - деді А.Шпекбаев жұма күні ақпаратқа қол жетімділік және сол процеске қоғамның қатысуы туралы халықаралық тәжірибелік конференция барысында.  

«Аталмыш ұсыныс сыбайлас жемқорлықтың жаңа түсінігін енгізу барысында ескерілді. Яғни енді жеке өзі немесе біреулер арқылы мүліктік, мүліктік емес нәрселерді немесе басымдықтарды алуы немесе беруі сыбайлас жемқорлыққа жатқызылады», - деп түсіндірді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, «тиісті түзетулер ҚР Қылмыстық Кодексіне енгізіледі».

Ол сондай-ақ аталмыш түзетудің мемлекеттік қызметкерден басқа мемлекеттік қызметті атқарушыларға да, яғни квазимемлекеттік саланың қызметкерлеріне де қатысты екенін атап өтті.  

«Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын ауға және жолын кесуге бағытталған заңнамалық шаралар нақты әзірленген. 2017 жылға дейін бізге 19 ұсынымның орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп аяқтады сөзін А. Шпекбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: