Қазақстанда Boeing 737 MAX пайдалану уақытша тоқтатылды

Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылды, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласынан алыс емес жерде Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 157 адам болған, соның ішінде сегізі экипаж мүшесі болатын. Ұшақ Аддис-Абебадан Найробиге бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, ешкім аман қалмаған. Белгілі болғаны ұшақ бортында 35 мемлекеттің азаматы бар екен, оның 19-ы БҰҰ қызметкері. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 157 адамның өліміне себеп болған ұшақ апатына байланысты Эфиопия президенті Сахле-Ворка Зевдеге көңіл айтты.
11 наурызда Қазақстандағы өз парктерінде Boeing ұшағы бар барлық әуе компанияларына Эфиопиядағы әуеапатына байланысты директива жолданғаны хабарланды.
12 наурызда Boeing компаниясының ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында 737 MAX бағдарламалық қамтымын жетілдіргені туралы мәлімдеді.
Сол күні «ҚазТАГ» ХАА Сингапур, Мексика, Қытай және басқа да бірқатар елдердің Эфиопиядағы әуе апатынан кейін Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақтыша тоқтатқанын хабарлаған еді. Бұл ретте атап өтілгендей, бұл жарты жылда орын алып отырған осы маркалы ұшақтың екінші рет құлауы. Былтыр қазан айында Lion Air Flight 610 ұшағы аспанға көтерілгеннен кейін 12 минут өткесін Индонезия жағалауындағы Яван теңізіне құлаған еді. Бортта болған барлық 189 адам мерт болды.
Boeing 737 MAX ұшағын пайдаланатын қазақстандық Scat әуе компаниясы «ҚазТАГ» ХАА 12 наурызда хабарлағандай, аталмыш үлгідегі ұшақтарды штаттық режимде қолданып келеді.

adimage