Қазақстанда ҰБТ 21 маусымда басталады

Күні: 19:12, 19-06-2020.

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда бірыңғай ұлттық тестілеу 21 маусымда басталады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі. ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді», - делінген жұмадағы хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, 21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. .
«Санитарлық талаптар қатаң сақталады, сондықтан аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі», - деді БҒМ.
Білім министрлігі атап өткендей, ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады. Атап айтсақ, дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру.


Жаңалықтармен бөлісу: