Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – 26-28 наурызда Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Атмосфералық үдерістердің тез алмасуы, көктем күндеріне тән құбылыс. Міне, алдағы күндері де Қазақстанның көптеген бөлігінің ауа-райы атнициклонның әсерінде болады. Бірақ сенбі күні республикамыздың батысына Ресейдің Еуропалық оңтүстік аумағынан екпінді циклон шығып, басқа да аумақтарға жайыла отырып шығысқа қарай ығысады», - делінген жұмадағы хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, бұл циклонмен, жиі жауын-шашынды, күңгірт ауа-райы байланысты болады: жаңбыр, сулы қар, көктайғақ, тұман және 15-20 м/с. жел. Температураның нормадан аномальді жоғарылығы сақталады, алайда солтүстік облыстарда сәл төмендеп климаттық нормаға жақындайды.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36