Қазақстанда демалыс және дүйсенбі күндері жаңбыр жауып, күн күркірейді

Күні: 13:12, 11-05-2018.

Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс және дүйсенбі күндері жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Мамырдағы шуақты және жылы күндер заматта жауын-шашынды және суық күндерге ауысады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа-райы күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа-райынан кейін, сондай-ақ жаңбыр, кей жерлерде күшті екпінді жел соғып, найзағай күтіледі», - делінген жұмада таратылған 12-14 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктердің айтуынша, «ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін қатқақ сақталады».


Жаңалықтармен бөлісу: