Қазақстанда демалыс және мереке күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды

Күні: 14:55, 05-07-2019.

Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс және мереке күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Тропосфералық ағындардың меридионалдыдан ендікке ауысуымен қайта құрылу болып, Қазақстанға Атлантикадан ауа массалары түсуін бастады. Демалыс және мереке күндері республиканың солтүстік облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысып жатқан циклонмен байланысты өз ықпалын атмосфералық фронттар тигізетін болады. Онымен кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр, найзағай ойнағанда желдің дауылды күшеюі күтіледі және бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік облыстарына қазір Азорлық антициклон болып жатқан Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып жатыр. Ал антициклонмен жаз уақыттарында ыстық және құрғақ ауа райы байланысты болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік жартысында көпжылдық ауа температурасы көпжылдық мәннен 1…3°С жоғары болуы күтіледі, ал өткінші жаңбырдың таулы аймақтарда басымырақ болуы мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: