Қазақстанда демократияға қатысты жағдай Беларусь пен Әзербайжанға қарағанда жақсы – сарапшылар

Күні: 15:10, 24-06-2015.

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда демократияға қатысты жағдай Беларусь пен Әзербайжанға, Түркменстан мен Өзбекстанға қарағанда жақсы, деп мәлім етті Freedom House халықаралық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымы.
Ұйымның «Өтпелі кезең мемлекеттері-2015» есебіне сай, Қазақстан қоғамдағы демократия деңгейі бойынша мүмкін 7 баллдан 6,61 балл алып, белді мемлекеттер қатарына енді.
Бұл ретте авторитарлы және жартылай авторитарлық режимдегі мемлекеттер қатарына ТМД елдерінің басым көпшілігі енді.
Рейтингі 7 көрсеткіш бойынша жасалды – сайлау үдерісіндегі ахуал, азаматтық қоғам мәртебесі, БАҚ тәуелсіздігінің деңгейі, жемқорлық деңгейі мен т.б., онда «1» аса демократиялық режимге сай да, ал «7» - ең авторитаорлық режимге сай келеді. Осы тармақтардың әр қайсысы бойынша Қазақстан 6,5-тен 6,75 балл алыпты.
Рейтингі бойынша, ең демократияшыл елдер қатарында - Словения, Эстония және Латвия тұрса, ең авторитарлық елдер - Беларусь, Түркменстан және Өзбекстан.


Жаңалықтармен бөлісу: