Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда ең қатты аяз ақпанның екінші онкүндігінде келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдын ала болжам бойынша, ақпанның екінші онкүндігі еліміздің барлық дерлік аумағында жауын-шашындатып, суық болады деп күтілуде», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Жалпы алғанда ақпан айы республиканың басым аумағында жылы болып келеді, ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, ал оңтүстік-шығыс өңірлерде температура климаттық норма маңында болады.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде -7-17 °С, күндіз -2-10°С болады. Оңтүстік жартысында түнде температура 0°С, күндіз +8°С шамасында болады.
Екінші онкүндікте термометр бағаны солтүстік аймақтарда - -25-32°С, шығыста – -32-38°С, оңтүстікте – -15-22°С шамалас болады.
«Үшінші онкүндікте республиканың басым аумағында белсенді циклонның өтуімен қар жауып, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғып, біртіндеп ауа температурасы солтүстікте -3-8°С, оңтүстікте күндіз - +7°С-қа көтеріледі», - делінген болжамда.
Жауын шашынға келсек, ол негізінен батыста артығымен жауып, қалған аумақтарда норма шамасында болады. Айдың алғашқы онкүндігінде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашындатады, ол циклонның жиілеп кетуімен байланысты болады.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18