Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері Т77-85 мыңға жетеді, деп мәлім етті ҚР еңбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
«2018 жылдың 1 шілдесіне қарай ең аз зейнетақы мөлшері 77-85 мың теңге болады», - деді Т. Дүйсенова жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда күн көріс деңгейінің шамасы (КДШ) өзгеруі себепті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік бойынша, асыраушысынан айрылуына байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері және күн көріс деңгейнйі шамасы өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы 16%-ға дейін көтерілетін болады.
Бірінші кезеңде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл басындағы 9% көтерілгенін ескергенде 11%-ға көтеріледі; базалық зейнетақы мөлшері жыл басындағы 7%-дық көтерілуін есептегенде 13%-ға көтеріледі. Қорытындысында зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20%-ға дейін көтерілуі қамтамасыз етіледі.
Бұл көтерілу барлық зейнеткерлерді қамтиды, ал олар 2 млн-нан астам адам. Бюджетті нақтылағанда оған Т801 млрд теңгедей қарастырылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызмтінен.
Министрлік ақпарынша, екінші кезеңде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедектікке, асыраушысынан айрылуы себепті және КДШ өзгеруі себепті базалық зейнетақы 16%-ға көтерілетін болады, ол жаңа әдіспен есептелінетін болады.
Көтерудің үшінші кезеңі тек базалық зейнетақыға қатысты болады және ол 2018 жылдың 1 шілдесінен басталады. Түсіндірілгендей, ол базалық зейнетақыны тағайындау әдісімен байланысты болады. Жаңа әдіске сай ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалынады және оған 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақылық түсімдер кезеңі кіретін болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2018 жылдың екінші жартыжылдығына Т147 млрд бөлінген.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46