Қазақстанда екі АЭС салу туралы ақтық шешімді алдағы 2-3 жылда қабылдайды – энергетика министрлігі

Күні: 16:35, 05-12-2014.

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстанның шығысында екі атом электр стансасын (АЭС) салу туралы ақтық шешімді алдағы 2-3 жылда қабылдайды, деп мәлім етті ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.
«Біз жаңа екі атом электр стансасын салу туралы жоспар құрудамыз... Биыл АЭС салуда тәжірибесі мол, әлем мойындаған бірқатар халықаралық компаниялармен олардың технологияларын Қазақстанда жаңа екі АЭС салуға пайдалану мүмкіндігі мәселесінде белсенді жұмыс жүргіздік. Олардың біреуі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы Курчатов қаласының маңында, екіншісі елміздің шығысындағы Балқаш көлінің маңы болуы мүмкін», - деді Б. Жақсалиев жұма күні қазақ-француз бизнес форумында.
«Қазір ол жұмыс жалғасуда. Біз алдағы 2-3 жылда қосымша халықаралық кеңесшілер мен сарапшыларды тарта отырып, осы екі нысанды салуға қатысты ақтық шешім қабылдаймыз деп болжап отырмыз», - деді ол.  
Вице-министр бұрындары Ақтау маңында жұмыс істеп тұрған ядролық реактор қосарланған мақсатта жұмыс атқарғаны себепті тоқтатылғанын еске салды.
«Қазір оны (Ақтаудағы АЭС – ҚазТАГ) консервациялау мәселесі тұр. Бұл тарихи тұрғыдан айтарлықтай ұзақ мерзім алады», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: