Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Мирхат Әжіғалиев. Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді, деп хабарлады ҚР спорт және мәдениет министрі Ғалым Ахмедияров.
  
«Мемлекеттік Эрмитаж бен ҚР ұлттық мұражайы арасындағы ынтымақтастық туралы ортақ шартты жүзеге асыру аясында елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді.  Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орайластырылған», - деді Ғ.Ахмедияров сәрсенбідегі брифингте.  

Оның айтуынша, шара аясында дәрістер, шебер-кластар мен мұражай саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады.  

«Бұл еліміздегі мұражай өмірінде жарқын оқиға болмақ», - деді ол.

Мемлекеттік Эрмитаж – әлемнің ірі көркем және мәдени-тарихи мұражайларының бірі. Санкт –Петербург қаласында орналасқан. Эрмитаж 1764 жылы Берлиннен 317 құнды картиналар берілгеннен кейін Екатерина ІІ-нің жеке жинағы ретінде құрылған.  

adimage